Азияның Үздік Брокері 2009 - 2017*
*International Finance Magazine тұжырымы бойынша, World Finance Award сыйлықтың, выставок ShowFx World көрмелердің, CIOT Expo
Серіктес болу

Онлайн
серіктестер үшін
чатта қолдау

Өту

Кеңейтілген статистика

Пайда мен тартылған клиенттер бойынша нақты уақыт режиміндегі толық ақпарат

Қарау



Клиенттерді тарту бойынша кеңестер

Бұл тарауда сіз жаңа клиенттерді тарту үшін және қазіргі клиенттерді қолдауға арналған тиімді маркетинг құралдарын қалай пайдалануға болатыны жөнінде көптеген ақпарат табасыз. Өз веб-сайтыңызды қалай жасауды, іздеу жүйелерінде жоғарғы жаққа шығаруды және трейдерлердің назарын қалай аударуға болатынын білесіз.

Өз веб-сайтыңызды жасау

Қазіргі таңда компьютерді жаңа бастаған пайдаланушыға да қарапайым веб-сайт жасау қолжетімді. Интернетте сайтты басынан бастап жасау жөнінде кеңес беретін әдебиет және бейнесабақтар көп. Бастапқы кезеңде сізге болашақ сайт үшін (орта есеппен 10 USD) домен атауын ойлап тауып, сатып алып, хостинг-провайдердің қызмет ақысын төлеу қажет болады (орта есеппен жылына 30 USD). Сізге оңтайлы провайдерді табу үшін, кез- келген іздеу жүйесінде достаточно ввести «Домен атаулары» немесе «Доменді сатып алу» (хостинг ақысын төлеу үшін «Услуги хостинг қызметі»)сөз тіркесін енгізу қажет. Әдетте, хостинг қызметіне тапсырыс бере отырып, сіз сол провайдерден домен атауын сатып алуыңызға болады. Таңдап алған доменнің бос екенін провайдердің сайтында немесе сервисте http://www.whois-service.ru/ тексеруге болады.
Біз narod.ru немесе ucoz.ru. сияқты тегін хостингтерді пайдаланбауға кеңес береміз. Бұл сіздің жобаңыздың атауын тартымды етпейді әрі іздеу жүйелерінде жоғарғы жаққа шығару қиынға соқтырады.
Сіз өзіңіздің веб-ресурсыңызды жасау үшін Joomla, WordPress, Drupal сияқты тегін CMS (сайтты басқару жүйелері) пайдалана аласыз, оларды еркін түрде жүктепа луға болады. Осы CMS интерфейсі интуитивті түсінікті және қарапайым веб-сайтты бір күнде жасауға мүмкіндік береді. Тегін шаблондардың кең таңдауы сіздің сайтыңыз үшін жеке стильді және безендіру тәсілін таңдауға мүмкіндік береді.

Сайтты контентпен толтыру

Кез-келген сайттың негізі — бұл ресурстың негізгі тақырыбын көрсететін қызықты және үнемі жаңартылып тұратын контент. Сіз сайтыңызда қаржы тақырыбы бойынша түрлі мақалаларды, әлемдік қаржы жаңалықтарын, сондай-ақ халықаралық валюта нарығындағы жұмысқа тікелей қатысы бар ақпаратты орналастыра аласыз. Біз негізгі және қосымша контент ретінде біздің компаниямыздың ресми сайтында қолжетімді түрлі материалдарды пайдалануды ұсынамыз:

Сайтты ілгерілету

Веб-сайтты жасап қоюдың жеткілікті еместігін түсіну қажет: оған пайдаланушыларды (сіздің ықтималды клиенттеріңіз) тарту үшін сайтты жарнамалап және іздеу жүйелерінде ілгері жылжыту керек. Сіздің сайтыңыз туралы ақпаратты пайдаланушыларға жеткізудің ұтымды тәсілінің бірі - мәнмәтіндік жарнама. Осы мақсаттар үшін сіз Яндекс.Директ немесе Google AdWords қызметтерін пайдалана аласыз.
Іздеуде ілгері жылжыту (SEO немесе іздеуді оңтайландыру) қызметін соған маманданған компанияға тапсыруға болады, алайда сізге бұл мәселені өз қолыңызға алуға ешкім кедергі келтірмейді. Интернеттегі көптеген бейне роликтер мен мақалалар сізге сайтта түйін сөздерді дұрыс жазуға, ішкі қайта линктеуді ұйымдастыруға, мақалалар орналастырып, басқа сайттарда көптеген сілтемені арттыруға және т.б. көмектеседі.

ИнстаФорекстің Серіктестік сайты

Сайтты жасаумен өз бетінше айналысқысы келмейтіндер үшін біз жұмыс істеуге толығымен дайын, әкімшілендіру жүйесі бар серіктестік сайтты тегін беруге дайынбыз. Бұндай ресурста компания қызметтері туралы барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ көптеген баннерлер, информерлер және сауда шотын ашу нысандарына кіріктірілген сіздің серіктестік сілтемеңіз қамтылған.
Сізге бар керектісі, бұл болашақ сайттың ұнаған дизайнын таңдау, домен атауын сатып алу және бізге өтінім жіберу. Сол күні сіз клиенттерді тарту және қолдауға арналған тиімділігі жоғары, меншікті веб-құралдың бақытты иегері боласыз.

Әлеуметтік желідегі маркетинг

Бұдан басқа, өзіңіздің серіктестік сілтемеңізді ілгері жылжыту үшін сіз әлеуметтік желілерді толыққанды пайдалана аласыз, өйткені бұл күнде сөйлесіп және жаңалықтармен алмасатын, бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам. "Facebook", "В Контакте", "Одноклассники", "Twitter" және ондаған басқа да сервистердің шын мәнінде шексіз мүмкіндіктерін ықтималды клиенттерді тарту үшін пайдаланыңыз.
Сіз кез-келген әлеуметтік желіде топ (бет ашып) құрып, онда Форекс нарығында саудалау туралы ақпаратты, сондай-ақ қаржылық жаңалықтар мен ИнстаФорекс компаниясы ұсынатын қызметтердің сипаттамасы орналастыра аласыз. Топқа достарыңызды қосыңыз, сауалнамалар жүргізіп, ИнстаФорекс Форекс-брокердің бірегей ұсыныстарымен толығырақ танысуды ұсыныңыз және біздің сайтымызға сілтемеде сіздің бірегей серіктестік кодыңызды көрсетуді ұмытпаңыз.

Офлайн - жарнама

Офлайн - жарнама сияқты ілгері жылжытудың тиімді құралы туралы да ұмытпаған жөн. Кез -келген үлестірмелі материалдар (ақпараттық буклеттер, флаерлар, парақшалар, есімхаттар)жарнама ретінде пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ БАҚ-тағы жарияланымдар және сыртқы жарнама да тиімді. Полиграфиялық өнімдер, әдетте, ИнстаФорекс компаниясының артықшылықтары туралы қысқаша ақпаратты, сондай-ақ серіктес байланысын және ұсынатын қызметтер сипаттамасын (мысалы, оқу курстары, семинарлар, кеңестер) қамтиды. Мұндай үлестіру материалдарын тарату адам көп жиналатын орындарда, сондай-ақ іскерлік және сауда орталықтарындағы ақпараттық бағаналарда жүзеге асырылады. Сіздің жарнамалық офлайн-өніміңіздің қолайлы дизайн нұсқасын сіз біздің сайтымыздың Брендтік өнімдер тарауында ұсынылған дайын макеттердің кең ассортиментінен таңдай аласыз.

Оқыту курстары

Клиенттердің қызығушылығын арттыру үшін сіз оқыту курстарын, дәрістер, тәжірибелік семинарлар өткізуді ұйымдастыра аласыз. Басқа дәріскерлерді шақыруға болады немесе сіздің жеткілікті біліміңіз бен дағдыларыңыз болса, оқытуды өзіңіз өткізе аласыз. Курсты онлайн режимде (скайп, бейнесабақтарды жазып алу), сондай-ақ офлайн өткізуге болады (сіз қажетті жиһазы және жабдықтары аз (үстелдер, орындықтар, тақта, компьютер, проектор) залды, мақсатыңыз бен мүмкіндіктеріңізге қарай, ақылы немесе тегін жалға алуыңызға болады.
Сіз өз дәрістеріңіздің курсын өткізе аласыз немесе біздің жаңа бастаушыларға арналған оқыту курсын пайдалана аласыз. Осындай іс-шаралар дәрістердің тақырыбы мен деңгейіне қарай жаңа бастаған және тәжірибелі трейдерлерге де пайдалы болмақ. Оқытудың көмегімен сіз клиенттерді өз серіктестік тобыңызға тартып қана қоймай, олардың белсенді сауданы бастауына ынталандыра аласыз.

Клиенттерді тартудың тиімді құралдары

Ықтималды клиенттерді қызықтыру үшін сіз жаңа бастаған және тәжірибелі трейдерлер үшін тиімді ұсыныстардың алуан түрін қолдана аласыз:

  • Нақты жүлде қоры 3000 USD дейінгідемо-шоттарда өткізілетін түрлі конкурстар жаңа бастаған трейдерлер үшін Форекс нарығымен танысудың тамаша мүмкіндігі болмақ. Жаңа бастаған трейдер ештеңені тәуекелге тікпей саудада бағын сынап, нақты сауда шотына депозит түріндегі ақшалай сыйлық үшін күресе алады. Тәжірибелі трейдерлер ИнстаФорекс ұсынған салтанатты автомобильдердің біреуін ұтып алу мүмкіндігін беретін, нақты шоттардағы конкурстарды лайықты түрде бағалай алады. Бұл ретте барлық қолжетімді конкурстардың тізімі бар бетке өту сіздің серіктестік сілтемеңіз арқылы жүзеге асырылады.

  • Бірде бір трейдер ИнстаФорекстің клиенттері үшін қолжетімді бірегей ұсыныстан - сауда шотына 30, 55, 100 и даже 250 пайыз бонустан бас тарта алмайды. Осылайша, сіз компанияда жай ғана шот ашып және оны толтыру арқылы депозиттерін тегін ұлғайту мүмкіндігін ұсына отырып, клиенттерді тарта аласыз.

  • Сіз ықтималды клиенттердің әрбіреуіне, авторибейт жүйесінің көмегімен сауда шотына спредтің бір бөлігін қайтаруды қамтамасыз ете отырып, жеке сауда шарттарын ұсына аласыз. Серіктес кабинетінде спредті автоматты түрде қайтару жүйесін өздігінен баптау мүмкіндігі де бар, бұл клиенттердің сауда нәтижелеріне байланысты оларды іріктеп уәждеуге мүмкіндік береді.

  • Компанияның алуан түрлі сервистерін Пайдалана отырып, сіз ең талғампаз клиенттердің де сұранысын қанағаттандыра аласыз. Сонымен, Форексте дербес сауда жасауға дайын емес адамдарға ПАММ-жүйеге инвестициялауды ұсынуға болады, ал трейдингтің барлық қыр-сырын жаңа біле бастағандарға — ForexCopy жүйесі арқылы мәмілелерді көшіруді ұсынуға болады. Сонымен қатар, клиенттерді біркүндік бинарлы опциондар сервисіменопциондық сауда арқылы трейдингтің неғұрлым қарапайым түрімен қызықтыруға болады.

  • Егер сіздің серіктестік сілтемеңіз бойынша бсеріктестік шот ашылса, ол адам сіздің серіктестік тобыңызға екінші деңгейдегі (Sub-IB) серіктес ретінде кіреді. Бұл сіздің суб серіктесіңіз тартқан клиенттердің әр мәмілесінен 0.2 пункт мөлшерінде қосымша сыйақы алуға мүмкіндік береді.