Азияның Үздік Брокері 2009 - 2017*
*International Finance Magazine тұжырымы бойынша, World Finance Award сыйлықтың, выставок ShowFx World көрмелердің, CIOT Expo
Серіктес болу

Онлайн
серіктестер үшін
чатта қолдау

Өту

Кеңейтілген статистика

Пайда мен тартылған клиенттер бойынша нақты уақыт режиміндегі толық ақпарат

Қарау



Статистика

Серіктестік статистика серіктестік сілтеме бойынша өтуді есепке алуға арналады және ИнстаФорекс серіктестеріне жарнаманың неғұрлым тиімді бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Статистика компания серіктестеріне Интернет-маркетингтің қандай бағыты барынша тиімді болатынын және жұмсалған қаражаттың агенттік сыйақы түріндегі алынған пайдаға қатысты қаншалықты қайтарымы барын анықтауға мүмкіндік береді.

Комиссиялар статистикасы

Кезеңді автоматты түрде ұсынылған нұсқалардан таңдауға немесе өзіңдікін қоюға болады. Сондай-ақ қандай да бір валютада клиенттер бойынша статистиканы таңдауға болады. Сіз таңдалған кезең үшін клиенттеріңіздің саудасынан алынған комиссиялардың жалпы сомасын, сондай-ақ белгілі бір серіктестік белгіні таңдап, осы серіктестік белгімен тіркелген клиенттерден алынған комиссия сомасын көре аласыз. Сізге ыңғайлы болу үшін, әрбір серіктестік белгінің өзіндік пайдаланушы түсі бар.

Шоттар статистикасы

Бұл тарауда уақыттың белгілі бір кезеңі үшін Сіздің серіктестік тобыңызда ашылған шоттар санын графикалық түрде көруге болады. Бұл бөлімде ашылған шоттар бойынша жалпы статистиканы қарау оңай — табысты айларды белгілеп, клиенттерді тартудың төмендегенін дер кезінде байқап және егер қолданыстағы тактика бұрынғыдай нәтиже бермесе, маркетинг стратегиясын өзгерту керек. Мұнда сондай-ақ, серіктестік белгілерге бөлу қолжетімді; сіз қандай жарнамалық стратегияның тиімді болғанын және клиенттерді көбірек тартқанын көрнекі түрде көре аласыз.

Пайдалы шоттардың топ-5

Көптеген клиенттеріңіздің арасында сіз өзіңізге көбірек пайда әкелетін белсенді бестікті әрқашан анықтай аласыз. Бұл ақпарат клиенттер арасында жарыстар өткізу кезінде пайдалы болуы мүмкін. Өзіңізді қызықтырған уақыт кезеңін таңдап, сіз клиенттеріңіздің белсенділік динамикасын қадағалай аласыз.

Ашылатын шоттардың топ-30

Бұл Сіздің серіктестік сілтемеңіз бойынша көрсетілген веб-сайттан ауысқан кезде ашылған шоттардың саны бойынша орналасқан интернет-ресурстардың тізімі. Мұнда Сіздің серіктестік тобыңызда алғашқы клиенттік шоттың ашылу сәтінен бастап, барлық серіктестік белгілермен сілтемелер ескеріледі. Осылайша, сіз серіктестік сілтемені тарату тұрғысынан алғанда қандай ресурстың неғұрлым пайдалы екенін әрқашан анықтап, бұдан қажетті қорытындылар жасап және одан әрі тек қана тиімді жарнамалық алаңдар таңдай аласыз.

Кликтер статистикасы

График барлық рефералдардың уақыттың таңдалған кезеңі үшін Сіздің серіктестік сілтемеңіз бойынша немесе серіктестік белгі бойынша өтудің жалпы санын көрсетеді.

Серіктестік сілтемеге алғашқы кіру статистикасы

Бұл график серіктестік сілтеме бойынша немесе серіктестік белгі бойынша өткен келушілер санын көрсетеді.

Бірегей кликтер статистикасы

Серіктестік сілтеме бойынша бірегей кликтер графигі соңғы 24 сағатта белгілі бір IP-адрестен алғаш рет кірген келушілер санын көрсетеді.

Кликтердің географиялық орналасуы

Кликтердің географиялық орналасу статистикасы бүкіл серіктестік қызмет барысында өтуілер саны көп болған елдерді көрсетеді.